Әзірбайжан Мемлекеттік мұнай академиясының студент қыздарына сабаққа хиджабпен келуге рұқсат етілді. Бұл туралы осы оқу ордасының оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры Гасым Мамедов хабарлады.
Бұл шешім университеттің қағидаларына сай келмесе де, оқу орнының басшылығы бұндай рұқсатқа «көпшіліктің көңілі толмайтындығын ескере отырып» бардық, - дейді Г.Мамедов.
«Біз студент қыздардың діни наным-сеніміне еш наразы емеспіз. Олардың қайда намаз оқып, құлшылық жасап жүргендері бізге еш қатысты емес. Тек, болашақта жоғарғы оқу орындарында арнайы біркелкі киім үлігісі шығарылуы мүмкін. Хиджаб киетін студент қыздарымызға осы туралы құлақ қағыс етпекшіміз», - деген сөздерімен Г.Мамедов осы оқиғаны қамтып өтті.
Естеріңізде болса, жақында ғана осы академияның күзеті орамалдағы бірнеше қызды оқу орнына кіргізбей қойған болатын. Сонымен қатар, университет басшылығы хиджаб кию жоғарғы оқу орнының ішкі жарғысына қарсы келетінін студент қыздарға ескертіп өтті.
Аударған Лаура Алмаханова.