Адамның діни сенімін қорлағандарға жаза күшейтілетін болды.

Адамның діни сенімін қорлағандарға жаза күшейтілетін болды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы адамның діни сеніміне тіл тигізгені немесе басқалай жолмен қорлағаны үшін қолданылатын жазаны күшейтуді қарастыратын заңға енгізілген түзетуді бірінші оқылымда мақұлдады.
Бұл өзгерту РФ Қылмыстық кодексіне жаңа бапты (2431-й) енгізуді қажет етеді. Егер бұл бап енгізілетін болса, адамның құлшығына, діни наным-сеніміне тіл тигізгені немесе басқалай жолмен қорлағаны үшін осындай әрекетке жол берген екінші тараптың үстінен қылмыстық іс қозғалады. Қылмысы дәлелденетін болса, оған 300 мың рубль мөлшерінде айыппұл салынып, 200 сағатқа дейін жұмысқа жегіледі. Сондай-ақ, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.


Ғибадат орнын, сондағы мүліктерді қасақана бүлдіретін болса, 100 мыңнан 500 мың рубльге дейін айыппұл салынады немесе 400 сағат жұмысқа жегіледі я болмаса 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.


Сонымен бірге, ар-ождан бостандығы мен наным-сенім бостандығын бұзғаны үшін қатардағы адамға 10-нан 30 мың рубльге дейін айыппұл салынады, ал лауазымды тұлғаларға - 50 мыңнан 100 мыңға дейін айыппұл қарастырылған.
Діни әдебиеттерді, нышандарды, т.б. жария түрде қорлайтын болса, 30 мыңнан 50 мың рубльге дейін айыппұл салынбақ.


muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: