Сауд Арабиясының астанасы - Эр-Рияд қаласында 28-ші Ұлттық мұра және мәдениет фестивалі әлі жалғасын табуда. Алғашқы төрт күннің өзінде күн сайын 900 мың адам төбе көрсетті. Бұл жайында al-Arabiya хабар таратты.
Айтулы шараның ресми баспасөз хатшысы Халед ибн Әбдіәзіздің айтуынша, фестиваль аяқталатын сәуірдің 17-не дейін келем деушілерге күндізгі сағат 16:00-ден түн жарымына дейін есік ашық болады.
Фестиваль аясында 78 рет дәріс оқылып, 229 мәдени симпозиум және 59 жыр кеші өтеді. Осынау дүбірлі шарада шайыры бар, сөз зергері бар, ойшылы бар, осы елдегісі бар, шетелден келетіні бар - 5 мың адам бақ сынайды. Бір айта кетерлігі, осы жылы Қытай фестивалдің құрметті қонағы ретінде шақырылды. Осыған орай, көрермендер тек Сауд Арабиясының ғана емес, сонымен бірге, Қытай мәдениетімен де таныса алады.
Фестиваль аясында өтетін көрмеге ежелгі Қытай тарихынан, өркениетінен, қолөнерінен, шаруашылығынан сыр шертетін жәдігерлермен қатар аспан асты елінің даңқын шығарған жібек, фарфор секілді бұйымдар қойылады. Сондай-ақ, жұртшылық Қытайдың жазу өнері мен иероглифтерін де тамашалай алады.
Осы шараны ойдағыдай өткізу үшін «мұра қалашығы» тұрғызылғанын айта кету керек. Оның құрылысына 800 мың тонна саз балшық,650 мағаш пайдаланылды.
muslim.kz