РАМАЗАН-2020: ҚМДБ БЕКІТКЕН МӘЛІМЕТТІ ҒАНА ЖАРИЯЛАУДЫ СҰРАЙМЫЗ

РАМАЗАН-2020: ҚМДБ БЕКІТКЕН МӘЛІМЕТТІ ҒАНА ЖАРИЯЛАУДЫ СҰРАЙМЫЗ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын В.Г.Фесенков атындағы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесінің ғылыми мәліметіне сүйеніп, сондай-ақ көрші Өзбекстан және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармаларымен кеңесіп, Рамазан айының басталатын күнін белгіледі. Ораза кестесі де шариғат пен ғылыми негізге сүйеніп жасалады.

Осы ретте Рамазанға қатысты ақпаратты (ораза кестесі, пітір садақа мөлшері, ораза айтының күні, т.б.) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты – www.muftyat.kz-тен алуға шақырамыз. Жақын уақытта биылғы жылдың ораза кестесі сайтқа шығады.

Асығыс таратылған ақпарат, тексерілмеген дерек қоғам арасында түсінбеушілік тудыруы мүмкін. Сондықтан Діни басқарманың ресми ақпаратына жүгінуді сұраймыз.

Осы орайда, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен әлеуметтік желіде жазба қалдыратын жеке тұлғалардан Рамазанға қатысты ҚМДБ бекітпеген мәліметтерді жарияламауды сұраймыз.

ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: