Индонезия маусым айында шариғат бойынша демалыс маусымын өткізеді.

Индонезия маусым айында шариғат бойынша демалыс маусымын өткізеді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Индонезия мемлекеті туризм саласын шариғат қағидаларына сай дамытуды қолға алып, бұл жобаны  мемлекеттік  деңгейде жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Турпром». Бұл бағдарлама Индонезияда биылғы жылдың маусым-шілде айларында басталады.
Билік өкілдері шариғи демалыс маусымын елдегі курортты жерлер үшін сәтті табыс көзі болуына барлық жағдайды жасап отыр. Ислам ережелері есебінде ұйымдастырылып отырған демалыста қонақ үйлердің барлығында ішімдік түрлері алынып тасталады және шариғатқа сай барлық қағидалар сақталады.


Сонымен қатар, ер және әйел  туристерге арнайы жағажайлар әзірленген. Онда шомылуға арналған ашық киімдер киюге тыйым салынып, олардың арнайы жабық лыпа киімдерімен шомылу жағы да қарастырылған.  Некелеспеген ер адам мен әйел адамның бір бөлмеге қоныстануына  қонақ үйлерде рұқсат етілмейді.


Индонезияның шариғи қонақ үйлерде бекітілген осы ережелерге сыйластық танытып, қыдырып келемін деуші туристтерді құшақ жая қарсы аламыз дейді индонезиялық өкілдер. 
Бас маркетинг басқармасының  статистикалық  деректері  бойынша, Индонезияға қыдырып келген мұсылман-туристердің көпшілігі шариғи демалыс орындарына  аса қызығушылық танытады екен.   2010 жылы Индонезияға келген 1,3 млн. шетелдік туристердің  18% шариғи демалыс орындарын таңдаған. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: