Ақпараттық көздердің хабарлауынша, Сирияның Дарайя қаласындағы Омари мешіті қирады. Оның қирауына билік әскерінің соққы жасауы себеп болған. 2011 жылғы шаһардағы осы мешіттің маңында елдегі шиеленістің алғашқы шеруі өткен еді. Бірнеше күннен кейін 30 шеруші қаза болған. Көптеген сириялықтың айтуынша, бұл жер көтерілістің ошағы болып табылады. Қазір де билік әскері мен көтерілісшілер арасында қақтығыс жалғасуда.
БҰҰ-ның мәліметтеріне сүйенсек, Сириядағы азаматтық соғыс басталғаннан бері 70 мыңнан астам тұрғын қаза болған.
- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 4299
Сирияда VII ғасырда салынған мешіт қиратылды.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.