ДІНИ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ 5 МЫҢ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРДІ

ДІНИ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ 5 МЫҢ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппараты жанынан ашылған Діни ақпарат орталығы (call-center) 5 мыңға жуық сұраққа жауап берді.

Тәулік бойына жұмыс істейтін call-орталықтың, 33-30-30 нөміріне күніне шамамен 30 қоңырау шалынып, күні бүгінге дейін 468 сұрақ келсе, WhatsApp желісіндегі мессенджерге күніне 300-ге жуық, жалпы алғанда 4760 сұрақ келіп түскен.

Орталық мамандарының айтуынша, сауалдардың 60 пайызы құлшылық-ғибадат, 30 пайызы отбасы мәселесіне қатысты болса, 5 пайызы жат ағымдар жөнінде қойылған. Ал қалған 5 пайызы алуан түрлі тақырыптар бойынша қойылған.

Еске сала кетейік, 27 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ Орталық аппараты жанынан Діни ақпарат орталығы ашылған болатын. Сұрақтар туындаған жағдайда Діни ақпарат орталығына (call-center) хабарласуға болады. Орталықта дін саласының білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап береді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: