Интернет беттерінде қазіргі заманғы ислами кеңістіктегі өзгерістер жүйесі туралы қорытындылайтын «Исламтану зерттеулері» электронды журналының алғашқы сандары қол жетімді бола бастады.
Бұл басылым «Украин Исламтану орталығы» қоғамдық ұйымының ортақ жобасы болып саналады. Редакцияның хабарлауы бойынша, журналдағы материалдар әр тоқсан сайын украин, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланып тұрады.
Басылымда негізінен «Украин Исламтану орталығында» жұмыс істейтін қызметкерлер мен ғалымдардың, сонымен қатар аталмыш журналда исламтану бойынша жарияланып тұратын түрлі тақырыптық конкурстарға қатысушы жас ғалымдардың мақалалары жарияланады деп жоспарлануда.