2013 жылы «Бахетле» сауда желісі үш дүкен ашуды көздеп отыр. Оның екеуі Мәскеуде, біреуі Қазан қаласында ашылады деп жоспарлануда. Бұл компанияның жоспарында сол үш дүкеннің біреуін «халал» әмбебап дүкен етіп ашу бар екен. Арнайы мамандардың айтулары бойынша, бұл дүкен жаңа форматта басқа дүкендер желісін басып озбақ.
«Халал» өнімдер сатылатын Қазандағы алғашқы бұл әмбебап дүкен студенттердің спорттық жарыстары өтетін кезеңге сай ашылатын болады. Мұндағы мақсат Татарстандағы дүкендер желісінің әртүрлілігін көрсету дейді мамандар.