Каир қаласында тек әйелдерге ғана арналған автобус пайда болды. «Әйелдерді сыйлайтын көлік» ислами партия мүшелерінің ықпалымен іске кірісті. Мұндай көлікті қоғамға шығарудағы мақсат шариғатқа сай әйел адамдарды бөтен назарлардан сақтануға септігін тигізу.
Әзірге бұл жоба тәжірибе ретінде тек екі орында: студент қыздар көп шоғырланған Каир университетінің алдында және Каирдегі жаңа Насер Сити ауданында ғана қолданысқа беріліп отыр.
Әйелдерге арналған көліктер Египеттен басқа Үндістан, Жапония, Бразилия және Мексика елдерінде де бар.