Байлықтың есебі

Байлықтың есебі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Жұмаққа кіріп, алдымда біреудің кетіп бара жатқанын көрдім, байқап қарасам Біләл екен. Жұмақтың жоғары дәрежелеріне қарап онда жүрген өз үмбетімнің ең кедей мүшелері мен олардың балаларын көрдім. Ал төменгі жаққа қарағанымда байлар мен санаулы әйелдерді көрдім. «Уа, Алла, бұларға не болған?» - деп сұрадым. Сонда Алла Тағала былай деп тіл қатты: «Әйелдерге келер болсақ, оларға алтын мен жібек кесірін тигізді. Ал байлар ұзақ-сонар есеп беруден босамады». Мен өзімнің сахабаларымды іздей бастадым, алайда Абдурахман ибн 'Ауфты (р.а.) таппадым.

Бір уақытта көз жасы көл болып ол қасыма келді. «Сен неге қалып қойдың?» - деп сұрадым. Ол: «Уа, Алланың Елшісі, Алламен ант етейін, сені кездестіргенге дейін мен көп қиыншылықты бастан өткердім, сені мүлде көрмейтін шығармын деп ойлап едім». «Неге олай ойладың?» - деп сұрадым мен. Ол: "Мен өзімнің дүние-мүлкім үшін есеп бердім", - деп жауап берді».

Енді бір сәтке ойланып көрейікші - Абдурахман (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) ең жақын деген сахабаларының бірі болған әрі көзі тірісінде Жұмақпен сүйіншіленген он сахабаның бірі еді. Ол жайында Алла Елшісі (ﷺ): «Дүние-мүлкін игілікке жұмсаған», - деп айтқан ауқаттылардан болатын. Соның бәріне қарамастан, бұл дүниедегі байлығы үшін бұл сахаба қандай ауыр есеп беруді бастан өткерген. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: