Швейцарияның орталығында тұратын, хиджаб кигені үшін түрлі қиындықтармен күресіп жүрген швейцариялық мұсылман қыз туралы бұл қысқаметражды фильм 100 мыңнан астам көрермен жинапты.
Қоғамнан қыспақ көріп жүрген бұл қызға ақырында демеу болып өзі секілді оранған христиан дінінің өкілі қол ұшын созады. Фильмнің астарында - қоғам киімді емес, мұсылмандарды жек көреді деген ой жатыр. Әйтпесе, дәл өзі секілді оранған христиан әйелдері неге ондай жеккөрушілікке ұшырамайды?..