14 жасар палестиналық қыз әлемдегі ең жас студент атанды.

14 жасар палестиналық қыз әлемдегі ең жас студент атанды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Умма информ» агенттігінің хабарлауы бойынша, 14 жасар палестиналық қыз Гиннестің рекордтар кітабына ең жас студент-дәрігер ретінде енді.  Икбаль Махмуд әль-Асад Ливанда  дүниеге келген және қазіргі уақытта сонда тұрып жатыр.  Бала кезінен бастап бірегей  қабілетімен ерекшелене бастаған қыз 1 жасқа толған шағында балабақша бағдарламасын аяқтап үлгерген.  Ал 4 жасында бастауыш мектепті тамамдаған. Содан кейін Икбаль төрт жылдан соң орта мектепті аяқтайды. 

Бірнеше жыл бұрын ерекше дарында Икбальға  Катардағы әлемнің ең үздік  Weill Cornell Medical College медициналық университетінде оқуға ұсыныс жасағанда, жас қыз ойланбастан келіседі.  

Икбаль Махмуд әль-Асадтың білім алуы мен жалпы жағдайын Катар әмірінің жары Моза бинт Насер әль-Миснед өз бақылауына алыпты. Моза бинт Насер әль-Миснедтің айтуынша, Икбальды ғылым саласында да, қоғамдық өмірде де жарқын болашақ күтіп тұр.

 

14 жастағы Икбальдың арманы әлемдегі  ең жас дипломды дәрігер болып, туған жері Палестинаға оралу.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: