Үстіміздегі жылдың 1-2 шілдесінде Канададағы Торонто қаласында «Halal Food Fest» атты халал өнімдер фестивалі өтеді. Бұл бәсекеде Монреал, Оттава, Калгардан, сонымен қатар, Құрама штаттардан келген қатысушылар бақ сынайтын болады.
Торонто халықаралық орталығында өтетін бұл фестивальде көрсетілетін көрмеге италияндық асханадан бастап жапон асханасына дейін қолданылатын халал өнімдердің 60-тан астам түрі ұсынылатын болады.