Мысырда әйелдерге арналған спа-орталықтарында ер адамдардың жұмыс істеуіне тиым салынды.

Мысырда әйелдерге арналған спа-орталықтарында ер адамдардың жұмыс істеуіне тиым салынды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мысыр үкіметі ер адамдардың қонақ үйлердегі әйелдерге арналған спа-орталықтарында жұмыс істеуге тиым салды. Мұның басты себебі ер адамдарның әйелдерге жақындасуға сөзбен немесе денемен емеурін танытып, еркектің әйелге қылымсып, қырындауымен күресу болып отыр, - дейді Al-Ahram баспасөз қызметі.


Бұл ережеге бағынбайтын қонақ үйлер мен ғимараттар өз жұмысын бірден тоқтататын болады. Егер, мұндай жағдайлар жиі қайталанатын болса, қонақүй өз лицензиясынан айырылып, деңгейін жоғалтады.


Мысырдың Туризм министрі Хишам Заазудың айтуынша, Мысырдың беделін көтеру үшін ер адамдарның турист әйелдерге жақындасуға сөзбен немесе денемен емеурін танытып, еркектің әйелге қылымсып, қырындау тәртіпсіздіктерімен күресу үшін арнайы шаралар кешені құрылған.
Сонымен қатар, мысырлық тәртіп сақшыларына жоғарыда аталған тәртіпсіздік шараларын құрықтау бойынша арнайы курстар ұйымдастырылады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: