Қытай үкімет басындағылар 18 жасқа толмаған мұсылмандарға және мемлекеттік қызметкерлерге мешітке келуге тиым сала отырып, мұсылмандарға қысым жасап, құқығын таптап отыр.
Бұдан бөлек, Қытайдың солтүстік-батысындағы Синьцзян провинциясындағы ұйғырларға қарсы қатаң шаралар қолданылуда. Мәселен, билік өкілдері Рамазан айында жергілікті дәмханаларға күні бойы жұмыс істеуге, ал мемлекеттік қызметкерлерді түстенуге мәжбүрлейді екен. Ол аздай, оларға мұсылмандық киімде мемлкеттік мекемелерге кіруге тиым салынған.