Мысыр елінің елбасы Мухаммед Мурси телеарналардың бірінде тікелей эфирден сұхбат беріп жатқан кезінде азан айтылғандықтан үзіліс жасап, азанды қайталады, деп хабарлайды Islammemo.
Азан дауысы президент сарайы маңында орналасқан Омар бин әл-Азиз мешітінен естілген. Осы сәтте елбасы Мурси ұлттық және саяси көшбасшылармен кездесу өткізіп жатқан екен.
Естеріңізге сала кетейік, Мухаммед Мурси өз сөзін азан үшін бірінші рет бөліп тұрған жоқ. Дәл осындай жағдайлар бұрынырақ та бірнеше мәрте орын алған еді.