Франциядағы әйгілі «Iqra» жекеменшік мұсылман мектебіне жабылу қаупі төніп тұр. Мұның басты себебі, Баньоле қалашығындағы жергілікті муниципалитетпен келіспеушілік болып отыр. Жекеменшік оқу орны осы жылдың қыркүйек айында жабылуы мүмкін.
Мектептің оқу бағдарламасы мен пәндері, негізгі діни білім курсы да Францияның ұлттық бағдарламалары бойынша жүргізілген. Мектеп оқушылары француз, ағылшын, араб тілдерімен бірге ислам негідері мен Құранды да меңгеріп келген.
Оқу орнының сәтті қызметі өз жалғасын тауып келеді. Үш жыл өткен соң Баньоле мэрі осы мектептің әкімшілігінен мектептің ресми статусының нысандандырылуын талап етеді. Оқу ордасының басшылығы бұл мәселе бойынша біршама қиыншылықтармен бетпе-бет келгені де жасырын емес. Нәтижесінде, жекеменшік мұсылман мектебіне ресми статус алу өте қиынға соққан.
Қазіргі таңда Францияда мұндай статусты иеленіп отырған мұсылман оқу орталықтарының саны 10-нан аспай отыр.
Аталмыш мұсылмен мектебінің өкілі: «Қазіргі уақытта біз өте қиын жағдаймен соқтығысып қалдық. Біз жекемешік осы мұсылмен мектебіне үстіміздегі жылдық қыркүйек айына дейін ресми статусты ала алмайтынымыз анық. Белгіленген уақытқа дейін билік басындағылардан ресми мойындау ала алмасақ, муниципалитет біздің оқу ордамызды жабуға мәжбүр», - дейді.
Дайындаған: Лаура Алмаханова.