Жақсылық қылсаң өзiңе...

Жақсылық қылсаң өзiңе...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Киiмi өрiм-өрiм бiр қайыршы ауыл кезiп жүрiп үнемi «Жақсылық қылсаң өзiңе, жамандық қылсаң өзiңе» деген сөздi қайталай беретiн көрiнедi. Бiр ауылда көрiнгенмен ұрыса кетуге дайын көкбет, долы қатын тұрады екен. Сол әйел қайыршыға таба нанға у қосып бередi де: «Жақсылық болса да, жамандық болса да көрiп алдым, мә, сөзiң де, өзiң де құры!» деп мысқылдайды. Қайыршы кетедi. Ауылдан шыға бере қайыршы алыс жолдан арып-ашып келе жатқан керуенге кездесе кетедi. Керуенге iлесiп азып-тозған егде кiсi мен жас жiгiт қайыршыдан нан сұрайды. Қайыршы көкбет қатын берген нанды ұстатып жөнiне кете барады. Аздан соң нан жеген қос жолаушы уланып, жан тапсырады. Керуендегi жұрт дүрлiгiп жиналып қалады да, бiреуден бiреу сұрап, бұл әлгi қайыршының iсi екенiн бiледi. Керуенбасы қайыршыны ұстатып:

- Сен неге бiздiң жолдастарымызды өлтiрдiң? - деп ақырады. Қайыршы бар жағдайды баяндап, бiр топ адам шауып барып, долы қатынды сүйрелеп әкеледi.     - Қара, не iстегенiңдi, қара басқыр! - деп өлген жолаушыларды әйелге көрсеткенде әйел шашын жұлып, бетiн тырнап айғайға басып жылай бастайды. Сөйтсе, әлгi әкелi-балалы жолаушылар көп уақыт бұрын сапарға кеткен өзiнiң ерi мен ұлы екен. Ендi ғана елi-жерiне жете берем дегенде өздерiнiң ең жақын адамдарының қолынан ажал құшыпты. Қайыршының айтқан сөзiнiң ақиқатына көзi жеткен көкбет қатын зар еңiреп қала берiптi.                                                                                 Қарапайым сөздiң ақиқатына көз жеткiзу үшiн кейде қаншама қымбат құрбандық қажет болады десеңiзшi...

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: