Кеше Германияның Гете атындағы Франкфурт университетінде исламтану факультеті ашылды. Факультеттің ашылу салтанатын бәзбіреулер университетке бомба қойылды деп бұзса да, университет вице-президенті Матиас Лутц-Бахманның айтуынша, елдегі жаңа ислами пән үшін бұл бақытты күннің бірі болды.
Германиядағы Интеграция мәселелері жөніндегі министр Йорг Уве-Хан бұны «тарихи оқиға» деп бағалады.
Факультет оқытушылары мен оқушылары сенім мәселелерін, ислам дінінің қайнары - Құран Кәрімді оқитын болады. Бұдан басқа, бұл факультетте «Исламтану» пәнінің оқытушылары дайындалатын болады.
muslim.kz