Мұсылмандар ойлап тапқан заттар

Мұсылмандар ойлап тапқан заттар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күнделікті қолданып жүрген заттарымыздың көбін кім, қалай ойлап тапқанын біле бермейміз. Білгенде де тек үлкен дүниелер — компьютер, көлік дегенді білетін шығармыз және де ол заттардың төркіні Еуропалықтар болып шығады. Жадыра бөліп отыр демеңіз, осы блогымда қазақтың болмаса да Мұсылманның ойлап тапқан заттарын тізіп шықсақ:

Сабын, сабынсу және монша

Ғылым: Мұсылмандар ойлап тапқан заттар
 
Тазалық-Ислам дінінің айырылмас бөлшегі десек те болады. Тазалыққа құштар бір мұсылман атамыз Брайтонда монша жасапты, содан кейін Англияда сабынсу жасалса, сабынның өзін бұған бірталай уақыт бұрын мұсылмандар жасапты, тіпті сабыннан жағымды иіс шығатындай қылып, ароматтау да мұсылман ағаларымыздың ісі көрінеді.

Кофе

Ғылым: Мұсылмандар ойлап тапқан заттар

Аңыз бойынша Халид есімді Эфиопиялық қойшы, Куфа қаласында мал бағып жүріп, қойлардың жидектің бір түрін жегеннен кейін сергіп кететінін байқап, сол жидектерді жинап алып, тарихтағы ең алғаш кофені қайнатыпты. Эфиопиядан Йеменге, одан 15-ғасырда Мекке мен Терцияға, ал ол жерден 1645 жылы Венецияға тараған, 1650 жылы Паскуа Росси есімді түрік Лондондағы Ломбард көшесінде алғашқы кофейня ашқан екен.

Хирургиялық инструменттер

Ғылым: Мұсылмандар ойлап тапқан заттар
 
Аль-Захрави – әйгілі мұсылман хирург. Осы кісі қазіргі кезде де қолданылатын скальпель, щипцы, жұқа қайшылар, медициналық ара секілді инструментердің атасы. 

Бірінші, екінші және салат

Иә! Түскі асты үш бөліп ішудің де бастамасы мұсылмандардан шыққан. Бұндай жүйені Ирактан Кордоваға Али ибн Нафи есімді атымыз алып келген, және хрусталь ыдыстар қолданудың да атасы осы кісі.
Бұнымен тізім бітпейді, тізімде шахмат, парашют, чек, заманауи химия және камерамен ракетаның алғашықы сызбалары да бар. 
 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: