Иран ғарышкерлерге арналған ғарыштық капсулаларды жасауды бастады. РИА Новости хабарлағандай, бұл туралы Ислам республикасының ақпараттық және коммуникациялық технологиялар министрі Мұхаммад Джавад Азари Джахроми мәлімдеді.
«Бүгін біз бұл туралы хабарлауға дайынбыз. Бүгін біз министрліктің ғылыми-зерттеу орталығына адамды 190 шақырымдық орбитаға шығару үшін үш жылдың ішінде бес ғарыштық капсула жасауды тапсырдық », - деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Иран жақын уақытта ғарышқа өзінің ғарышкерін жіберуге ниетті екендігі туралы хабарланған болатын. Иранның ғарыш агенттігінің басшысы Мортез Барари ресейлік тараппен өзінің ғарышкерін Халықаралық ғарыш станциясына жіберу мәселесі бойынша келіссөздер бастауды жоспарлап отырғанын айтты.
asyldin.kz