Түркияның діни министрлігі елде жаңа мамандық, яғни, ислам діні үшін гид мамандығын ашуға жарлық шығарды. Гидтар өзінің міндеттерін мұсылманның діни мекемелерінде орындайтын болады.Туристер міндетті түрде исламның даму тарихын, мұсылман мәдениетінің негізгі ережелерін білуі керек. Кадрдың дайындығы үшін Түркияның дін министрлігі арнаулы курстарды ашады, болашақ гидтар қажетті білімдерді алуына толық мүмкіндіктері бар.
«Күніне жүз мыңдаған шетелдік туристер Алла үйіне ат басын тірейді. Олар бұл ретте «мешітке кіре берісте аяқ киімді не үшін шешуі керек, әйел адамдар не үшін жамылғы жамылу керек» деген сынды сұрақтарға жауап алуы үшін бұл мамандық өте қажет», - дейді Түркияның дін министрі Гермеза Мехмет.