Меккеде 50 мың адамдық мешіт ашылды.

Меккеде 50 мың адамдық мешіт ашылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Қасиетті Мекке қаласында әр-Раджихи мешіті ашылды. Онда бір мезгілде 48 мыңнан аса адам ғибадат ете алады. Ән-Нәсім кварталында ашылған мешіттің тұсауын Мекке провинциясының әміршісі Халид әл-Файсал кесті. Бұл жайында Iinanews хабар таратты.

Осман дәуіріне тән үлгіде салынған 6 қабаттан тұратын мешітте жерасты автотұрағы, асхана, жеделсаты және эсколатор бар. Мешіттің алғашқы және негізгі қабаты құлшылық етуге және мәйіттерді жуып, арулап аттандыруға арналған. Осы қабатта қоғамдық әжетхана, Уақыптар министрлігінің өкілдігі, кітапхана, дәріс бөлмесі, имам бөлмесі орналасқан.

Мешіттің бес бірдей күмбезі бар. Негізгі және ең үлкен күмбездің биіктігі 48 метрге жетеді. Оның ішкі диаметрі19 метрболады. Ал қалған төрт күмбездің биіктігі 37 метрден аспайды. Олардың диаметрлері де бірдей - 7 метр. Мешіттің ауласы - 10 мың шаршы метр. Бұған қоса, ғибадат үйі бақылау камерасы, хабарды спутниктік теледидар арнасынан тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік беретін қондырғы секілді осы заманғы техникамен жабдықталған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: