Саудия қарулы күштерінің құрамында тұңғыш рет тек әйелдерден тұратын бөлімше пайда болды.
Бұл жайында Arab News мерзімді басылымы аталған араб елі қарулы күштерінің штаб жетекшісі, генерал Файяд әр-Рууайлиге сілтеме жасай отырып хабар таратты.
Аталмыш ақпарат көзінің хабарына қарағанда, 2019 жылдың қараша айында Саудия билігі әйелдерге кіші капрал, капрал, сержант, жаяу құрлық әскерінің штаб сержанты ретінде, сондай-ақ, әскери-әуе күштерінде, әскери теңіз күштерінде, әуе қорғанысында, стратегиялық маңызды зымыран әскерінде қызмет етуге пәрмен берген.
islam.kz


04 Қараша 2026
23 Джумада-авваль 1448

