ШУ ЖАМАҒАТЫ АЙЛЫҚ ДАСТАРХАНДА БАС ҚОСТЫ

ШУ ЖАМАҒАТЫ АЙЛЫҚ ДАСТАРХАНДА БАС ҚОСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағатына 2020 жылдың алғашқы айлық дастарханы жайылды. Дастархан басында қаланың бас имамы жамағатқа жастық шақтың қадірі туралы тартымды да, тағылымды уағыз айтты. 

Асыл дініміз Исламда жастық шақ – Алланың адам баласына тарту еткен қайтып оралмас ең қымбат сыйы, ұлы нығметі деп бағаланады. Бұл жөнінде ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадисінде:

 «Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл (яғни пайдаланып қал): өліміңнен бұрын өміріңнің; қарттығыңнан бұрын жастық шағыңды; науқастықтан бұрын денсаулығыңды; кедейлігіңнен бұрын байлығыңды және шұғыл кезіңнен бұрын бос уақытыңды» – деп қартаймастан бұрын жастық шақтың қадірін білуге шақырады.

Иә, адамның өмірі санаулы уақыттан тұрары анық. Соның ішінде қиямет күні Жаратқанның алдында жастық шақтағы өткізген уақыттың сұрағы ауыр. Бұл турасында ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай деп айтқан:

 «Қиямет күні пенденің екі аяғы бес нәрседен сұралмайынша қозғалмайды. 1.Өмірін қалай өткізгені. 2.Жастық шағын қалай пайдаланғаны. 3-4.Мал-мүлкінің қайдан және не нәрсеге жұмсағандығы. 5.Алған білімін қалай іске асырғандығы»

Аталмыш хадис адам толықтай өмірін қалай өткізгендігінен сұралғаннан кейін, жастық шағын қалай өткізгендігі туралы ерекше сұралатындығын ескертеді. Өйткені, жастық шақта адамның күш-қайраты мен ерік-жігері толықтай бойында болады. Ол оны ісінің маңызына көз жүгіртіп, дініне, отбасына, халқына, жеріне, айналасына пайдасын тигізіп игілік пен ізгілікте жұмсауы мүмкін болған секілді талапсыздық, нәпсіқұмарлық, жалқаулық, еріншектік, немқұрайлылық, ысырапшылық сияқты т.б. күнәлі істерге де жұмсауы мүмкін екендігін айтып өтті.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: