Христиандар да намазға жығылды (видео)

Христиандар да намазға жығылды (видео)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алапат өрт құшағында қалған Австралия тұрғындарының дәл қазіргі уақытта бір-ақ арманы бар. Ол –жауын. Тілсіз жаудан, табиғи апаттан, құрғақшылықтан титықтаған осы елдегі христиандар да мұсылмандармен бір сапта тұрып, сәждеге бас қойып, Алладан жауын тіледі.

Австралияның Аделаида елді-мекенінде имам Мұхаммед Абдалла бастаған жамағатқа қосылған пастор Патрик МакИнеридің жетекшілік етуімен бірнеше христиан Бонитон саябағында намаз оқыды.

WWF Australia ұйымы келтірген мәліметке қарағанда, өрттен 1,25 млрд жануар қырылған, 8,4 млн гектар аумақта орман жанып кеткен. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. 

islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: