«Әкеңді сыйла»

«Әкеңді сыйла»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде Әбу Һұрайра (р.а.) жолда кетіп бара жатып Әбу Ғассанды (р.а.) жолықтырады. Әбу Ғассанның (р.а.) соңынан бір кісі еріп келеді екен. Әбу Һұрайра (р.а.) арт жақта келе жатқан адамның кім екенін сұрайды. Әбу Ғассан (р.а.) ол кісінің өз әкесі екенін білдіргенде Әбу Һұрайра (р.а.) оған дереу: – Бұл ісің жөн емес Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүннетін ескермеген екенсің. Әкеңнің алдында жүру – ерсі қылық. Әкеңнің не артынан жүр, не оң жағында жүр. Астың дәмдісін әуелі әкеңнің алдына тарт. Тамаққа әкең алдымен қол созсын. Қабағыңмен болса да жасқап, оның көңіліне селкеу түсірме. Ол тізе бүкпей тұрып, сен отырушы болма. Әкең ұйықтамай жатып, сен жастыққа бас қойма! – деп асыл дінімізде ата-ананы құрметтеу шарттарын ескертіп өткен екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: