Бүгін бүкіл қазақстандықтар аза тұтып жатыр...

Бүгін бүкіл қазақстандықтар аза тұтып жатыр...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 желтоқсанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Ұшақ апатынан қаза болған жандарды аза тұту күніне орай еліміздің барлық мемлекеттік туы төмен түсірілді. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешені аумағында орнатылған Қазақстанның ең үлкен туы да төмен түсті.

Айта кетейік, кеше 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам бақилық болды. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Алматы маңында ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтты.

Жалпы Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда сегіз рет ұлттық аза тұту күні жарияланды. Алла енді мұндай зұлматтан сақтасын! Дүниеден өткен жандарды Жаратқан панасына алсын! Ауруханада жатқан жолаушылардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз!

 Әбу Назар

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: