Ең игілікті іс

Ең игілікті іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Бірде Құрайыштармен келісімшарт жасау мақсатымен Меккеге бір топ адам келді. Араларында Ияс ибн Муаз секілді бірнеше жастар да бар еді. Алла Елшісі (ﷺ) оларды Ислам дініне шақыру үшін қастарына барып, жайлап әңгімеге тартты:

–  Сіздер өздеріңіз ойлап келген істен де игілігі мен сауабы мол іске қалай қарайсыздар?

–  Ол қандай іс?

–  Мен пайғамбармын. Алла мені пұттардан бас тартқызып, бір Өзіне ғана құлшылық қылуға шақыруым үшін адамзатқа елші етіп жіберді. Қасиетті кітабын түсірді.

Пайғамбарымыз (ﷺ) жастарға біраз Ислам ақиқаттарын түсіндірді, Құраннан аяттар оқыды. Бұны естігенде Ияс толқып: «Ей, қауымым! Расында да бұл өте игілікті іс екен», – деді мойындағандай сыңай танытып.  Алайда әлгі топтың ішінен біреу жерден бір уыс топырақ алып Иястың бетіне шашты. Сөйтті де осы айтқаны үшін оны қатты сөкті.

Топ Мәдинаға қайта оралады. Ияс ибн Муаз көп уақыт өтпестен қайтыс болды. Оның жан тапсырған уақытқа дейін Алланы пәктеп, дұға оқып, күбірлеумен болғандығын жанындағылар естіді. Тіпті мұсылман болып жан тапсырғанына ешкім шүбәланбады.   

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: