
- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 2905
Хиджаб мұсылман емес әйелді қауіпті ультракөгілдірден қорғауда.
Американдық әйел Деннис Квин хиджабты күннің қауіпті сәулесінен қорғану үшін киюде, әрі оның ешқандай исламға қарсы ойы мен тіл тигізетіндей ниеті жоқ. Ансар.ру. хабарлайды. "Адамдардың көбі мені мұсылман екен деп ойлайды. Мейлі ойлай берсін, мен қарсы емеспін, бірақ осы нәсілші түсініктемелер маған жиіркенішті. Мені өзінің нәсілін сатқан сатқын деп те ойлайды. Бұл менің мұсылман дініндегі әйелдерді түсінуіме жол ашты" , -дейді өзге діндегі Квин «The Express» газетіне берген сұхбатында. 40 жастағы төрт баланың анасы күнде бірнеше минут тұрса, полиморфизм фотодерматоз атты аллергиялы реакцияға ұшырап, аурудан терісі бөртіп кететін көрінеді.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
