Фаллуджидағы данышпан: ақылы кеміс ирак азаматы құранды толықтай біледі.

Фаллуджидағы данышпан: ақылы кеміс ирак азаматы құранды толықтай біледі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Дубайдағы дүйсенбі күнгі құранның халықаралық конкурсында Ирактың ақылы кем 29-жасар тұрғыны өзінің құран оқудағы бірегей зейінін танытты. Gulf News хабарлайды. Даму деңгейінде Хуссаин Аднан Сабри(Hussain Adnan Sabri) үш жасар баладан кем емес, ол онға дейін әзер есептейді, жазу білмейді, нашар оқиды және күнбе-күнгі өмірдің дағдылы сөздерінде шатасуы тез. Оны толықтай дені дұрыс адам деу қиын. Бұған қарамастан, Сабри Құранды кері оқи алады, әрі әрбір аяттың санын біледі және аяттардың алғашқы және соңғы беттерін тап басып айта алады. «Оның шектеулі танымдық зейінін ескерсек, Құран оқуы - өте ғажап. Бұл - Алланың дарытқан сыйы»-дейді, Хассан аль-Шейх мешітінің имамы және Sharjah TV арнасының жүргізушісі Шерзад Әбділ Рахман(Sherzad Abdul Rahman).
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: