Арақ туралы аяттың түсіндірмесі (жалғасы)

Арақ туралы аяттың түсіндірмесі (жалғасы)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кез келген жағынан харам

Пайғамбарымыз (ﷺ) араққа байланысты он кісіге лағынет айтқан: «Арақты сығушы, сығуға тапсырыс беруші, ішуші, тасушы, алдыртушы, құюшы, сатушы, арақтан түскен пайданы жеуші, арақты сатып алушы және сатып алдырушы».

Арақ ішетінмен бірге отырмау
Осы дәстүрге байланысты мұсылман арақ-шарап қойылған жерде отырмауы тиіс. Омар (р.а.): «Мен Алла Елшісінің (ﷺ): «Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, арақ қойылған дастарқанға отырмасын», - деген сөзін естіп едім», – дейді.

Қисса
Сали бин Абдулла (р.а.) риуаяты: «Пайғамбарымыз (ﷺ) дүние салғанан кейін Әбу Бәкір, Омар (р.а.) және бір топ адамдар отырып ең үлкен күнә жайлы әңгіме қозғайды. Олар ортақ пікірге келмеген соң, Абдулла бин Амрден сұратады. Ол: «Ең үлкен күнә арақ ішу», – деді. Өйткені пайғамбарымыз (ﷺ): «Бәну Исраил патшаларының бірі бір адамға жаза ретінде: арақ ішуді, өлім жазасын, зина жасауды және доңыз етін жеуді таңдауға бұйырады. Бас тартса, өлім күтіп тұр. Ол арақ ішуді таңдап, ақыры арақ барлық қылмысты істеуге итермелегендігін айтқан екен».

Қорыта айтқанда
Арақ – адамға ең ауыр соққы беретін дерт. Елімізге осы арамнан түскен пайданың жақсылығы болмасы хақ. Өйткені арақ кесірінен болған кісі өлімі, жол және өндірістік апат шығынын ешбір қаражат қайта қалпына келтіре алмайды. Оны жай қарапайым адамнан бастап ең білікті экономист те растайтын болар. Қоғам бұл қасіреттен айығу үшін барлық күрес тәсілін қолдану қажет. Біз дін қызметкері ретінде ішімдіктің залалды зардаптарын сізге жеткіздік. Енді сіз де бұл күреске өз үлесіңізді қосыңыз.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: