Норвегиялық отбасы қасиетті Құранның оқылуын мешіттен тыңдап, мұсылман болуға бекіген. Құран әуезін олар түріктің Мармарис шипажай қаласында мешіттен биылғы Рамазан айының қарсаңында естіген екен. Azan.kz. хабарлайды. Отбасының барлық мүшелері Мармариске қарайтын Мугл муфтиятында иман келтіріп, кәлима-шахадат айтты. Кәлима-шахадаттан кейін 34-жастағы норвегиялық Мария Ваструп Ниман өзіне жаңа Айша есімін қабылдаса, отбасының отағасы 31-жастағы Фроде Андре Сыгвартсен өзіне Әли есімін таңдап алды. Ал олардың бала-шағалары Эсма, Элиф және Айхан деген есімдерімен аталмақ. Хақ жолын таңдаған мұсылмандарды Муглдың муфтиі Кючюколу Хусейн Рамазан айындағы тура жолдарымен құттықтады.