Жұмақ

Жұмақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала Өзінің құлдарына әлі ешкім көрмеген, әлі ешкім естімеген және ешбір жанның басына кіріп шықпаған нәрсе дайындап қойғанын айтқан болатын. Кімде-кім өзін жер бетіндегі өмірде шектесе, шексіз жұмақтық нығметтерге рахатанады. Көбіне біз өз ақымақтығымыздың салдарынан бұл дүниелік жылтырақ пен жылтырауыққа тартыламыз да жүреміз. Біз керемет жекежайларға, қымбат шетелдік көліктерге, таңдаулы әшекейлерге, танымал дизайнерлердің киімдеріне және басқа да жер бетіндегі көп нәрселерге таңғаламыз, нәтижесінде жұмақтың бар екенін мүлде ұмытамыз. Бізді дүниелік игіліктер еліктіреді, ал қасиетті Құран мен хадистерде Жұмақтың кірпіштері алтын мен күмістен жасалған, тастары – інжу мен лағылдан, балшығы – бозғалдақтан, киімі – жұқа жібектен екендігі айтылған. Жұмақ нығметтері адам нанғысыз көп және олар біз көзімізге елестете алатыннан да жақсы.

 Бүкіл осы әлем  – Жұмақпен салыстырғанда түкке де тұрғысыз. Өкінішке орай, біз Алла Тағаланың уәделерінің шынайылығын жете түсіне бермейміз.  Біздің осындай әлсіздігімізден бұл дүние біз үшін басты нәрсе болып қалады. Және Алла Тағала қасиетті Құранда былай айтқан:

«Бірақ сендер дүние тіршілігін артық көресіңдер. Ақырет қайырлы да, тұрақты» (87:16-17).

Бұл дүниедегі қысқа уақыт ішінде біз Алла Тағаланың бізге берген барлық игіліктерін пайдаланып қалуымыз керек, бірақ, сонымен қатар, Жұмақтың барын естен шығармау қажет және де дәл сол біздің мақсатымыз болып табылады. Бұл дүниеде қанша уақыт тірлігіміз қалды? Бұл дүниеде мәңгі өмір сүрген бір адам бар ма екен? Бұл дүние – тек саяхат, оның соңғы бекеті Жұмақ болуы керек. Жұмақта ауру да, зұлымдық та, қасірет те, қиыншылық та, қайғы да, күйініш те, қызғаныш та, өркөкіректік те, жаулық та, кемістік те, төбелес те, араздасу да жоқ.  Барлық тілектер мен армандардың жүзеге асатын тамаша рахат орын.

Жұмақтың барлық нығметтерін алған оның мекендеушілеріне ең жоғары нығмет сыйланады: олар Алла Тағаланы көреді. Жұмақ тілмен айтып жеткізе алмайтын қаншама нығметтерге толы болса да, оның ең жоғары нығметі адамның өзінің соншама сүйіктісі Алла Тағаланы көруі болып табылады.

Сонымен қатар, тіпті бұл дүниеде, адам өзін күнәлардан бойын аулақ ұстағанда, Алла Тағала оған осы тәттілікті береді. Адамның жаны Жұмақ жұпарымен рахаттанады. Аллаға жақындағандардың көбі өздерінің сүйікті Алласын естеріне алғанда, тіпті түкіріктің өзі тәтті болып кетеді деген, ал олардың жүректері тыныштықты, берекет пен бақытты сезінетіндігі сондай, олар үшін күнә жоғары деңгейдегі лас нәрсе болып көрінеді. 

Біз үшін күнә рахат пен ләззат болып көрінсе, ал Алла Тағаланы расымен сүйетіндер күнәдан ластық пен жексұрындықты көреді. Біз үшін үшін нәжіс пен дәрет қандай жағымсыз болса, олар үшін күнә да сондай жиіркенішті. Және де олар күнә жырасына тіпті де жақындағысы келмейді.

Оларға кино, театр, дискотека, ойынхана және басқа да кемістіктер апанына барғаннан, жайнамазда тұру, қасиетті Құранды оқу, Алланы еске алу, адамзатқа қызмет ету және Алла Тағалаға жалбарынып, тілену көбірек оңай. Сонымен қатар, Алла Тағаламен жекеленуден және олардың Оған бойсұнуынан алатын рахат пен ләззатты олар бұл дүние тіршілігінде ештемеге де ауыстырмайды, олар өткінші күнәлі ойын-сауық үшін осының бәрін құрбан етуге тіпті де дайын емес. Өкінішке орай, біз күнәдағы ләззаттың жалған әсеріне белшеден батқанбыз, сондықтан да Алла Тағалаға бойсұну тәттілігінен құр алақан қалып жатамыз...

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: