Францияда мұсылманды ораза ұстағаны үшін жұмыстан шығарды.

Францияда мұсылманды ораза ұстағаны үшін жұмыстан шығарды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Париждің Женвилье ауданында ыңғайсыз жағдай орын алды. Екі аниматорды мұсылмандық парыз болған оразаны ұстағаны үшін жұмыстан шығарды, habervitrini хабарлайды.  Муниципалитет өкілдерінің сөзінше балалар лагерьінің ас және суынан бас тартқан екі нұсқаушысы еңбек шартын бұзған. Ансар.ру жеткізкеді. Әкімшіліктің айтуы бойынша, мұсылман аниматорлар еңбек шарты мен ішкі міндеттерінде көрсетілген шарттар бойынша лагерьдегі балалармен бірге тамақтануы тиіс.Олар сол шартқа қарсы әрекет еткен. Муниципалитеттің өкілі Николас Вареттің журналистерге берген сұқбатында,  осындай жағдаймен олар үш жыл бұрын кездескен. Ол кезде  ораза ұстаған көліктің жүргізушісі,  балаларды тасымалдауда  жол апатына кездескен. Сол себептен әкімшілік еңбек шартында жұмыскерлердің балалармен бірге тамақтануына қатаң мән беріп келеді екен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: