Исламда 5 жағдайда өтірік айтуға рұқсат берілген

Исламда 5 жағдайда өтірік айтуға рұқсат берілген

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күнә жасамау мақсатында немесе басқа біреудің күнә жасап қоймауы үшін өтірік айтуға бола ма? Біздің асыл дінімізде өтірік барлық зұлымдықтың негізі болып саналады, сол себепті де өтірік айтуға үзілді-кесілді тыйым салынған. Алайда кейбір жағдайда өтірік айтуға болады. Қандай жағдайларда өтірік айтуға болатынын төменде сіздердің назарларыңызға ұсынамыз:

1) Әскери қулық:

Риуаяттардың бірінде былай келтірілген: Күндердің күнінде жалғыз отырған Әлиге (р.а.) қолында семсері бар бір дұшпан келіп: «Ал, қазір сені менен кім құтқарады?» - деп сұрайды. Әли (р.а.) әлгі адамның арт жағына көрсетіп: «Сенің артыңда тұрған», - дейді. Дұшпан артына жалт бұрылғанда, Әли (р.а.) оны бас салып, қарусыздандырады. Жерде отырған әлгі адам:  «Сен мені алдап қойдың», - деп айтады. Оған жауап ретінде Әли (р.а.): «Соғыс – бұл қулық» деген  хадисті келтірген екен (Ибн Сунни).

2) Екі мұсылманды татуластыру үшін:

Мұсылман өз бауырына үш күннен артық ренжіп жүру күнә болып саналады. Сол себепті ұрсысып қалған екі адамды татуластыру үшін өтірік айтуға рұқсат етілген болып есептеледі. Бұл жөнінде хадистерде былай айтылған:

«Нәпіл намаз оқу мен нәпіл ораза ұстаудан гөрі екі адамды татуластыру анағұрлым жақсы» (Тирмизи).

«Екі адамды татуластыру үшін немесе игі іс үшін айтылған өтірік – өтірік болып саналмайды» (Мүслим).

3) Екі мұсылманның жанжалдасып қалмауы үшін:

Екі мұсылманның жанжалдасуының алдын-алу үшін өтірік айту күнә болып табылмайды. Бүліктің себебіне айналатын шындықтан гөрі жақсылықтың нышанына айналатын өтірік жақсырақ болады.

4) Зұлымдардан мұсылмандардың тұрған жерін жасыру үшін.

5) Мұсылманның мүлкіне қылмыскерлердің қол сұғушылығынан сақтап қалу үшін.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: