Вьетнамдағы мұсылман тайпасы (фото+видео)

Вьетнамдағы мұсылман тайпасы (фото+видео)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Вьетнам аумағынан ағып өтетін Меконг өзенінің жағаоауында, Камбоджаға жақын маңда тұтас мұсылмандар ауылы бар. Бұл жайында World Bulleten ақпарат көзі хабар таратты.

Аталмыш елді-мекенде биіктігі 3 метрге дейін жететін, діңгектің үстіндегі ағаш үйлер бірден көзге шалынады. Осылайша жергілікті тұрғындар осы өңірде жиы болатын тасқын-селден баспаналарын қорғайды. Мұндағы әйелдер шариғат шәлісін жамылып жүреді, ал ерлер тақияға ұқсас бас киімі олардың өзге отандастарынан мұсылман екенін ерекшелеп тұрады.

Чама (тяма) деп аталатын вьетнамдық мұсылман тайпасы тұратын кең көшелер тазалығымен әне түзулігімен назар аударады. Сондай-ақ, бұл жерден екі қабатты ақ шаңқан тастан қаланған үйлерді көптеп ұшыратасыз. Бірінші қабатында қонақ күтетін зал мен асүй орналасқан, ал екіншісі жатын орын. Чамалықтардың дені вьетнам тілінде сөйлегенімен қалғандары малай және араб тілдерінің қоспасын еске түсіретін чама тілінде тілдеседі. Чамалық ер-азаматтар балық аулауды кәсіп еткен немесе Меконг өзенінің балық фермасында жалданып, нәпақасын айырады. Ал әйелдер жұрағаты ұлттық нақышта тоқыма тоқиды немесе жергілікті базарда сауда жасайды. Біздің дәуіріміздің 2-ші ғасырында негізі қаланған Чампа өркениеті 9-шы ғасырда өзінің шарықтау шегіне жетіп, Вьетнамның орталық бөлігінен Меконга өзенінің сағасына дейін бақылауда ұстады. Чампа аумағы осы күнгі Камбоджа мен Лаостың шекарасына дейін созылып шектесіп жататын. Чамалар ержүрек теңізші халық болды. Чампа королдігі халықаралық сауда-саттыққа белсене аралсып, ауқатты әрі ықпалды мемлекетке айналды. Оңтүстік Азия елдерімен және Қытаймен саяси әрі сауда қатынасын жолға қойған мемлекет болды. XII-XV ғасырларда Чампа өркениеті кері кетіп, оңтүстігінен Вьетнам королінің, ал шығысынан Ангкора патшалығының әскері қыспаққа алып, түре қуылды.

Қазіргі чамалар Вьетнамның орталығындағы Биньтхуан және Ниньтхуан провинцияларында шоғырланған. Сондай-ақ, Тай Нинь және Чау-Док провинцияларында тұрады. Чамалардың аз бөлігі индуизмді, брахманизмді ұстанады. Десе де чамалардың дені мұсылман әрі сүннит. Чама мқсылмандарының өзі екі топқа бөлінген: бір тобы Шафиғи мәзхабындағы мұсылмандар болса, ал екіншісі ислам-бани деп аталатын ағымдағылар.

Баниы – ислам мен үнді дәстүрлерін біріктірген, ұштастырған синкретті ағым. Олар қасиетті Рамазан айында тек үш күн ғана ораза ұстайды, Шафиғи мәзхабында патриархат үстемдік етсе, баниліктер матриархатта. Мұсылманға пұтқа табынатындармен некелесуге тыйым салынғандықтан чамалық мұсылмандар чамалық индустармен қан араластырған емес. Сол себепті, екі наным-сенімдегі чамалар бір халық болғанымен түр-тұлғаларында едәуір айырмашылық бар. Бір жағынан Камбоджадағы чамалар көбінесе малайлықтармен некелеседі. Чамаларға ислам қалай келді? Тарихи деректердің бір парасында Х ғасырдың соңында және XI ғасырдың бас кезінде чамалар теңіз жолымен мұсылмандармен сауда-саттық жасаған. Камбоджада «қызыл кхмерлер» билік құрған тұста чамалар қынадай қырылды. Мұсылман болғаны үшін. Бұдан бөлек, кхмер тілін білмеу сол тұста қылмыс саналып, чамалық мұсылмандар геноцидке ұшырады. Чамалардың жазуы араб әліпбиіне негізделген.

Бүгінде чамалар қарасы 167 мың адамға жетеді. Олар Вьетнамдағы 54 этникалық азшылық топтың біріне жатады. Десе де саны жағынан екінші этникалық топ екенін айта кету керек. 167 мың чаманың 65 мыңы мұсылмандар.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ cham people in cambodia

ÐоÑожее изобÑажение

ÐоÑожее изобÑажение

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ muslim vietnam

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ cham people in cambodia

Cham Ethnic Minority

 

 islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: