ОЛ ЖҮРЕКТІ ТІРІЛТЕДІ

ОЛ ЖҮРЕКТІ ТІРІЛТЕДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Зікір- Алла алдында сені еске түсіретін құрал. Қасиетті Құранда былай айтылған: «Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын...» («Бақара» сүресі, 152-аят)

Және де хадисте былай келтірілген:  «Кімде-кім Мені ішінен еске алса, Мен де оны ішімнен еске аламын». Жоғарыдағы аят пен хадисте келтірілгендей, зікірдің артықшылығы мен мәртебесіне осы құндылықтардың өзі-ақ жеткілікті, алайда оның өзге де құндылықтары бар.

Алла Елшісі (с.ғ.с): «Сендерге амалдарыңның ең қайырлысы, Иелеріңнің алдыңда ең тазасы, дәреже тұрғысынан ең биігі, сендер үшін алтын мен күміс жұмсағаннан да қайырлысы  және жауларыңмен кездескенде, сендер олардың желкесінен, олар сендердің желкесінен соққаннан жақсырақ амал туралы айтып берейін бе?» – деді. (Сахабалар): «Айтыңыз», – деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алла Тағаланы еске алу», – деді.

Зікір уақыт пен мекен талғамайды, жүрекпен жасалады және тілмен айтылады.

- Жүректегі қобалжу мен мұңды қуады;

 - Алланы танып-білдіретін есік

 -Тән мен жүрекке күш-қуат береді;

Зікір - Аллаға деген сүйіспеншілікті тудырады, ал сүйіспеншілік діннің өзегі, исламның рухы және бақыт пен құтылудың қайнар көзі болып табылады.

Кімде-кім Алланың сүйіспеншілігіне қол жеткізгісі келсе, көп мәрте зікір айтсын. Оқу мен қайталау ілімнің есігі болып табылса, зікір - Алланың сүйіспеншілігіне деген есік болып табылады.

 Зікірден ихсан дәрежесіне жеткізетін муракаба пайда болады. Ихсан дәрежесіне жету – Алланы көріп тұрғандай болып құлшылық ету.

 Зікір – Аллаға жүгінуді тудырады, осылайша, біртіндеп Алла пана болатын, барлық кезде Қорғаушы болатын күйге қол жеткіземіз. Әр қиыншылықта жүзіміз Аллаға қарайтын болады.

 Ол Аллаға жақындатады. Зікір қанша көп болса, сонша жақындық та болады. Зікірді елемеу – Алладан алыстатады.

Күнделікті өмірде таңертең оқылып, әдетке айналдыруымыз қажет зікірлер жайында сөз қозғамақпыз. Себебі ол бақытқа кенелуге, адамдардан және жындардан болған шайтандардан сақтануға және таң атқаннан күн батқанша пенденің қорғалуына себеп болады. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен сол зікірлер:

1. «Біз күн батырдық және бүкіл мүлік Аллаға тән болып күн батырды. Барлық мақтау-мадақтар Аллаға лайық, Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол жалғыз әрі оның серігі жоқ. Билік Оған тән, әрі мақтау-мадақ Оған лайық, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. Уа,Раббым! Мен сенен осы түнгі және одан кейінгі жақсылықты сұраймын, әрі осы түнгі және одан кейінгі жамандықтардан сақтауыңды тілеймін. Уа, Раббым! Мен жалқаулықтан әрі жаман (халде) қартаюдан Өзіңе сыйынамын. Уа,Раббым! Тозақ азабынан және қабір азабынан Өзіңе сыйынамын».

2. Хадисте:

 «Уа, көмес пен көрнеуді Білуші, көктер мен жердің Жаратушысы, барлық нәрселердің Раббы әрі патшасы Алла! Сенен басқа ешбір тәңір жоқ екендігіне куәлік беремін және өз нәпсімнің кесірінен әрі шайтанның жамандығы мен тұзағынан Өзіңе сыйынамын. Әрі өзіме немесе басқа бір мұсылманға жамандық жасап қоюдан Өзіңе сыйынамын».

 3. «Алланың атымен, Ол сондай Алла, Оның есімімен (болғанымызда) көктер мен жердегі ешбір нәрсе (бізге) зиян тигізе алмайды» – 3 рет.

4. «Уа, Алла! Расында сен Алласың, Сенен басқа ешбір тәңір жоқ. Сен жалғызсың, Сенің серігің жоқ. Шын мәнінде Мұхаммед, (с.ғ.с) Сенің құлың әрі елшің екендігіне осы таңда Өзіңді куә етемін және ғаршыңды көтеріп тұрушыларды, періштелеріңді және бүкіл мақұлықтарыңды куә етемін» – 4 рет.

 5. «Уа, Алла! Біліп тұрып Саған серік қосудан Өзің сақтай гөр! Білмегендерім үшін де Сенен жарылқау тілеймін!» – 3 рет.

 6. «Біз Ислам аясында, ықылас сөзіне сәйкес әрі пайғамбарымыз Мұхаммедтің әкелген діні бойынша, сондай-ақ атамыз Ибраһимның үмбетіне таң атырдық. Ол (Ибраһим) нағыз мұсылман еді. Ол мүшріктерден емес еді» – 3 рет.

7. «Алла Тағалаға жаратқандарының санындай, разылығының мөлшеріндей, тағының салмағындай, сөздерінің көлеміндей дәріптеу мен мадақ болсын!» – 3 рет.

 8. «Алланы жаратушы деп, Исламды дін деп, Мұхаммедті пайғамбар деп өз ризашылығымды білдірдім» – 3 рет.

9. «Алланың толық сөздерімен Оның жаратқан мақұлықтарының кесірінен Оған сыйынамын!» – 3рет.

10. «Уа, Алла! Сенімен (Сенің көмегіңмен) таң атырдық және Сенімен кеш батырдық. Сенімен өмір сүреміз әрі Сенімен көз жұмамыз және қайтар жеріміз Сен жақ».

11. «Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ. (Бүкіл) мүлік Оған тән, (барлық) мақтау-мадақ Оған лайық. Әрі Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді» – 100 рет.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: