Мұсылманның ең үздік 6 садақасы

Мұсылманның ең үздік 6 садақасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) былай айтқан: «Күн шығып келе жатқанда, Жер бетіне екі періште түсіріледі. «Уа, адамдар! Жаратушыға асығыңдар, берекесі жоқ, көп нәрседен гөрі, аз да болса берекелі нәрсе — үздік» деген үндеуді естіген періштелер: «Уа, Алла, дүние-мүлкін игі жолға жұмсағанның дүниесінің орнын толтырып, несібесін арттыра гөр, ал жиған-тергенін жұмсамай, тығып отырға сараңды шығынға ұшырат», - деп сұрайды екен (Байхаки).

Мұсылман міндеттерінің бірі — садақа, яғни біреуге көрсеткен кез-келген көмек болып табылады. Исламда мүміннің жағдайын жақсартып, оған жақсылық жасау, тіпті күлімсіреу де садақа болып табылады. Садақа – Алла Тағаланың сүйікті ісі, садақа арқылы жақсылық пен береке тарайды әрі ол мұсылмандарды Жаратушыға жақындатады.

Адамдардың ардақтысы Мұхаммед (ﷺ) айтқан: «Жомарттықтың тамыры Жұмақта, ал бұтақтары осы дүниеде болатын ағаш. Бұтақтарынан қарманып ұстанғандарды ол Жұмаққа жетелейді.  Сараңдықтың тамыры Тозақта, ал бұтақтары осы дүниеде болатын ағаш, ал оның бұтақтарына жармасқандарды ол Тозаққа апарады» (Байхаки).

Ал басқа хадисте былай келтірілген: «Сараң адам  – Алладан да, Жұмақтан да, адамдардан да алыс, бірақ Тозақ отына жақын. Жомарт адам болса – Аллаға да, Жұмаққа да, адамдарға да жақын, алайда Тозақ отынан алыс» (Тирмизи).

Ислам діні әрбір иман келтірген жанға мейірімді әрі қайырымды. Жақсылық жасап, садақа беремін дейтін жанға әрдайым қаражат қажет емес. Төменде ең үздік 6 садақаны келтіреміз:

1. Өз отбасыңа деген садақа.

«Ең үздік динар — Алла жолында адамның өз отбасына, аяқ артар жануарына жұмсайтын динары және Ұлы да Құдіретті Алла жолында адамның өз жолдасына жұмсайтын динары» (Ахмад).

2. Туған-туыстарға деген садақа.

«Ең үздік садақа — сізге өшпенділік танытып жүрген жақын туысыңызға берілетін садақа» (Ахмад).

3. Басың аман, денің сауда берген садақа.

«Денің сау әрі сараң кезіңде, байып кетуден үміттеніп әрі кедейліктен қорқып беретін садақа ең үздік болып табылады. Садақа беруді ажал келіп, жаныңды алар сәтке қалдырма. Өлім аузында жатып: «Ана туысыма ананша, мына туысыма мынанша», - деп айтпа. Бұл кезде мұның бәрі бәленшеге тиесілі болып қалмай ма?!» (Ахмад).

4. Ауқатсыздарға берілетін садақа.

«Тұрмысы төмен жандарға берілетін садақа ең үздік, сондықтан кімді бағып-қағуың керек болса, содан бастап садақаңды бер» (Ахмад).

5. Адамдарға көмек.

«Садақаның үздігі — адамдардың шөлін қандырып, су беру» (Ахмад).

6. Ақылға қонымды садақа.

«Садақа берген соң, садақа беруші молшылықта қалатын садақа - ең үздік болып табылады. Беруші қол, алушы қолдан жақсы, сондықтан кімді бағып-қағуың керек болса, содан бастап садақаңды бер» (Бухари).

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: