Ертеде бір байдың Ақбалық деген жалғыз қызы толықсып бой жеткен шағында, мырза-серілердің бірін де қаламай өз үйінің кедейліктен басқа міні жоқ қойшысы Қозыбаққа ғашық бопты. Қыздың әкесі момындау, бірақ ағалары "бесқасқа" атанған "сен тұр мен атайындар" екен. Ата-ана, жақын туыстары Ақбалықты жылатпай өзінің сүйгеніне қосыпты.
Ақбалық төркінінен түк жасау алмай, қотан шетіне отау тіктіріпті. Бұған намыстанған ру басшылары Қаз дауысты Қазыбекті шақыртады. Қазыбек қызды сынау үшін әдейі бір топ кісімен Ақбалықтікіне кеп түсе қалады.
Қозыбақ койын жусатып тастап, үйіне жаңа келген екен. Қазыбек би амандык үстінде Ақбалык сұлуды қағытып:
- Е, қарындас, мәнді сөзден мән шығады, беймәнді сөзден не шығады? Жапалақ аққуды іліпті, одан не мән шығады?! - дейді.
Ақбалық сұлу осы арада мүдірместен:
- Рас, мәнді сөзден мән шығады, мәнсіз сөзден не шығады? Жапалақтың аққуды ілгеніне таңырқайсыз, оның тағы да бір сарыала қаздан дәмесі бар,- депті. Қазыбек қыздың қойшыны шын ықыласымен сүйгеніне риза болып намыс қуған ағайын-жұртына: Байлық мұрат емес, Жоқтық ұят емес, Теңін тапқанды тегін бер, Қосағымен коса ағарсын, - деп, тоқтам салып кетіпті.
mazhab.kz