БАС МҮФТИ: ҒЫЛЫМНАН АСҚАН ҒАЗИЗ ДҮНИЕ ЖОҚ

БАС МҮФТИ: ҒЫЛЫМНАН АСҚАН ҒАЗИЗ ДҮНИЕ ЖОҚ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Нұр Мүбәрак» университеті студенттері мен медресе-колледж шәкірттерін, барша оқушылар мен білім жолындағы іні-қарындастарымды, бауырларымды 1 қыркүйек – білім күні мерекесімен құттықтаймын! Алла Тағала алған білімдеріңізді елдің игілігі жолында жұмсап, екі дүние бақытына жетуді нәсіп етсін!

Білім алу – асыл дініміз Исламның басты талаптарының бірі. Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті хадис-шарифінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз», – деген. Алла Тағала алғашқы аятын уахи еткенде: «Оқы!» – деп бұйырған. Құран Кәрім аяттарында 600-ден аса білім туралы баяндалған.

Білім – баға жетпес қазына. Ілімсіз өркениет жоқ. Бүгінде күш пен қуат – білімде. Ғылымнан асқан ғазиз дүние жоқ. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Білім мен хикмет мұсылмандардың жоғалтқан қазынасы, қай жерден тапса да иемденіп алсын», – деген. Оқу орындарында оқып жүрген ұл-қыздарымыз, бауырларымыз ел-жұртқа пайда әкелер білім ізденсе, жаһанның ең озық технологияларын үйреніп, оны өзгеге үйретсе – елге қосқан үлесі осы болмақ.

Әйгілі ғұлама Әбу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Ғазали: «Пайдалы біліммен шұғылдану – бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы...» – деген екен.

Алла Тағала баршамызға пайдалы білім алып, дініміз бен елімізге қызмет ете беруді нәсіп еткей! Әмин!  

 muftyat.kz
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)