Боялған шаш ғұсылға кедергі бола ма?

Боялған шаш ғұсылға кедергі бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шариғатымызда шаш бояуға рұқсат бар. Оған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с):

إِنَّ اليَهُودَ وَالنَّصَارَى لاَ يَصْبُغُونَ ، فَخَالِفُوهُمْ

«Расында яхудилер мен христиандар (шаштары мен сақалдарын) боямаған, ал сендер болса оларға ұқсамаңдар»[1] деп, сақал мен шашты бояуға рұқсат берген хадисы дәлел болады.

Бүгінгі қолданылып жүрген бояулар ертеректе қолданылған қына бояуына ұқсайды. Ол тырнаққа жағылатын бояу (лак) сынды қалың қабатты болмағаны үшін оған тыйым салынбайды, себебі оның астына су тиеді. Сонымен қатар, қолданыстағы бояу кейіннен өздігімен кететіні үшін ол адамның жаратылысын түбегейлі өзгерту болып табылмайды. Дегенмен де қазіргі бояулардың химиялық құрамы зиянсыз емес екенін де ескере кеткен жөн.

Тоқетері: боялған шаш ғұсылға кедергі жасамайды. Ол үшін шашты қиып қажеті жоқ.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: