Елімізде шариғатқа сай активтер мөлшері артатын болады

Елімізде шариғатқа сай активтер мөлшері артатын болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдерде соңғы бес жыл ішінде ислами банкинг айтарлықтай ілгерлеген. Тәжірибе мен базаның мардымсыз болуына қарамастан. Қазақстандық kursiv.kz ақпарат көзінің Moody's Investors Service рейтинг агентігінің есебіне сілтеме жасай отырып келтірген дерекке қарағанда, бұған ТМД-ға мүше мемлекеттер билігінің шариғатқа сай қаржы институтын қалыптастыру бағытында қабылдаған шаралары мен қолға алған істер және атқарылған шаруалар түрткі болған.

«ТМД елдері арасында ислами банкингтің дамуында  Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан көш бастайды. Өйткені, аталған елдерде мұсылман тұрғындар қарасы көп, бұдан бөлек, бұл елдердің билігі ислами қаржының дамуы үшін қолайлы заңдық және реттеу базасын құрып отыр»,- деді Moody's сарапшысы Светлана Павлова.

Сөз орайы келгенде айта кету керек, Қазақстан билігі 2025 жылға қарай елдегі ислами актив үлесін банк секторындағы активтер мөлшеріне шаққанда 0,2%-дан 3%-ға дейін арттыруды көздеп отыр.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: