Борышкер қарызды қайтармаса не істеу керек?

Борышкер қарызды қайтармаса не істеу керек?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сұрақ: Менің қарыз берген адамым, қарызды қайтаратын уақыт өтіп кетсе де алған ақшаны қайтаратын түрі жоқ. Бұл жағдайдан шығу үшін келесідей  жасасам бола ма? Мысалы үшін, борышкер адамға доллармен қарыз берсем, ол оны ауыстырып, маған қайтарып береді, ал алдыңғы қарызды да доллармен қайтаратын болады. Осылай жасауыма рұқсат па?

Жауап: Қарыз – Алла разылығын алу үшін беріледі. Қарыз беруші басқа бір адамға қарыз берерде пайдакүнемдік мүддені ұстанбауы керек. Сіздің сұрағыңызда сіз қарызды қайтаратын уақыт болса да қарыз алушы ақшаны қайтармайды, ал сіз оны қайтарып алғыңыз келетіндігін айтасыз. Ең әуелі, қарыз алушы адамның қарызды уақытында қайтаруға мүмкіндігі болмаса, онда ислам ол адамға қарызды қайтарудың мерзімін ұзартуды ұсынады. Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан:

وَإِنْ كَانَ ذُو عُسْرَةٍ فَنَظِرَةٌ إِلَى مَيْسَرَةٍ وَأَنْ تَصَدَّقُوا خَيْرٌ لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ

«Ал егер борышты ауыр жағдайда болса, жақсарғанша қарау керек. Егер де садақа қылсаңдар сендер үшін тағы жақсы. Егер білген болсаңдар!» (2:280).

Егер сіз оған қосымша уақыт бермесеңіз, оған қарызды қайтару керек болады. Егер қарыз алушы қарызды қайтара алмайтын болса, онда сіз оған алдыңғы қарызды қайтару үшін доллармен қарыз бере аласыз, мұнда тұрған еш әбестік жоқ. Осы жаңа қарыздың арқасында борышкер сіздің алдыңғы қарызыңызды қайтарып бере алатын болады. Бұл жағдайда сіз еш пайдакүнемдік мүддені қуалап жүрген жоқсыз, қарыз алушыға доллармен қарыз бере отырып, сіз ешқандай пайда көрмейсіз, керісінше, шығынның алдын-алуға тырысасыз.

Бұл мәселені дұрыс түсіну үшін қарама-қайшы мысал келтіреміз. Зергерден несиелік карта бойынша алтын алуға тыйым салынған болып есептеледі, өйткені алтынды ақшаға ауыстырғанда төлемнің мерзімін ұзарту деген болмауы тиіс. Екі жақ та мұны жақсы біледі. Алайда сатып алушы зергерден қарыз алып, сол ақшаға зергердің өзінен алтын сатып алуына бола ма? Бұл жағдайда зергердің сатып алушыға қарыз беруінде пайда көрушілік бар, себебі зергер өзінің бұйымын сатып алуға ақша беріп тұр ғой, сондықтан да тыйым салынған болып саналады. Хадистердің бірінде былай айтылған: «Пайда әкелетін әрбір қарыз өсімқорлық болып табылады». Зергердің мысалына келер болсақ, сатып алушыға қарыз бере отырып, зергер өзінің алтынын сатып алушыға сатудан пайда көреді. Сол себепті бұл мәміле дұрыс болып табылмайды.

Ал Алла дұрысын біледі.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: