Он жеті жасар қыздың асыл арманы.

Он жеті жасар қыздың асыл арманы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Он жеті жасар мәскеулік Кристина Парашина есімді қыз ислам дінін 2 жыл бұрын қабылдаған болатын. Өзі 11 -сынып оқып жүріп қосымша Қырғыз тілін үйрену үстінде екен. Қырғыз тілін үйренуге түрткі болған себеп, жас қыздың жүрек қалауы Қырғыстанда өмір сүруді армандап келген, Кир ТАГ хабарлайды.

 

Қыз өзінің айтуынша «Мен Қырғызстанды төрт жыл бұрын көруді армандағанмын, оның тілі, тарихы салт-дәстүрі, мәдениеті мені қызықтырды. Мәскеуде жүрсем де осында келген Қырғыз балалармен жақын дос болдым. Олардың қыз балаға құрметі, бауырмашылдығы ұнады. Сол кезден бастап Қырғыз елі туралы мағлұматтар білуге толықтай даярландым.

 

Бұдан екі жыл бұрын мен ешкімнің мақұлдауынсыз, әке-шешемнің кеңесіне жүгінбестен, өз жүрек қалауыммен ислам дінін қабылдадым. Өзіме азан шақыртып ұнаған Айсұлу деген есім қойдырдым» деп, жас қыз өзінің ішкі құпиясын жария етті. Келесі жылы мектеп табалдырығын бітірген соң Қырғызстанға қоныс аударып, жоғары оқуын сол елде жалғастырмақ. Өз мақсатын жүзеге асыру үшін, бірер жыл бойы Қырғыз тілінен сабақ алу үстінде.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: