Қыз баланың Құранда жеткен жетістігін елеп-ескерген жергілікті муфтият Умра қажылығына жолдама берген.
Мервенің өзі қари болуды қатты қалаған екен. Тәуекелге бел буған ол ұстаздың талабымен Құран жаттауды бастап та кетеді. Ұстазы Хадиже Кешвелиоғлуның айтуынша, мұндай табысқа шәкірт еңбекқорлығымен және мақсатқа талпынушылығымен жететін көрінеді.
«Мервенің жаттау қабілеті, тынымсыз әрекеті, қайталап жаттау әдісі бірлесе келіп, осындай жетістік әкелді. Әуелі де ол күн сайын үш беттен жаттады. Кейін келе онан да көбірек жаттай бастады», - дейді ұстазы.
Мервенің өзі мұндай нәтижені күтпеген екен. - Менің өзім Құранды мұншалықты тез жаттап аяқтаймын деп ойламаппын, алайда оң нәтиже көрсетуге болады екен. Әуелі Аллаға шүкір етемін және маған осындай мүмкіндік жасаған өзімнің ұстазыма алғысымды білдіремін, - дейді ол.
Дарижа Илче мүфтиі Ремзи Пахливан Мервенің аз уақыттағы табысын ескере келіп Умра қажылығына жолдама берген.
«Төрт ай - өте қысқа мерзім. Екі жылда жаттайтын Құранды төрт айда бітіргенін мақтан тұтамын. Өзіне және ұстазына құтты болсын демекпін. Біздің аймақта мұндай жақсы жетістік тіркелді. Мерве секілді қари болғысы келетін талантты оқушыларды курсымызда күтетін боламыз», - дейді мүфти Р.Пахливан.
Әзірлеген Қайырбек ОТЫЗБАЕВ,
www.ummet.kz