Мойынқұмдықтар айт мерекесін тойлады

Мойынқұмдықтар айт мерекесін тойлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айт - исі мұсылман халықтың асыға күтетін ұлық мерекесі. Әлемнің түкпір-түкпірінде осы ұлыс күн тойланып, Алла разылығы үшін құрбандық шалынады.

Міне, осындай бір қуаныш Мойынқұм аудандық мешіттерінде аталып өтті. Жамағатпен бірге оқылған айт намазынан кейін құрбан шалынып, еті әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға таратылды. 

Сонымен қатар дәстүрмен ұштасқан төл мейрамда көпшілікке бәйге ұйымдастырылды. Білекті мыңды жығар жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Сонымен қатар балаларға ойын алаңы ұйымдастырылып, дәмді балмұздақтар таратылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: