Шиғалар елінің FARS ақпарат агенттігі Тегеран қаласының революциялық сотының жетекшісі Мұса Газанфарабадиге сілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда, бұл тыйым интернетте хижабқа қарсы науқан ұйымдастырған америкалық белсенді Масиха Алинежадқа да қатысты. Тегі ирандық америкалық белсенді Иран әйелдерін орамал тақпай селфи жасауға үндеп отыр.
Осылайша шариғи тыйымға қарсылығын білдіруде. Сөз орайы келгенде естеріңізге сала кетсек, бұрын интернетке жалаңбас суретін жариялаған ирандық әйелдерге шамамен 25 доллар мөлшерінде айыппұл салынатын және екі айға дейін абақтыға жабылатын.
islam.kz