Пастор Ислам жайлы жаңсақ көзқарасқа тойтарыс беруді көздейді

Пастор Ислам жайлы жаңсақ көзқарасқа тойтарыс беруді көздейді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Калифорния штатында пресвитериан шіркеуінің пасторы наным-сенімі өзге адамдардың арасында кеңінен жайылған мұсылмандар жөніндегі қате ұғымға қарсы күресуді өз мойнына алып отыр. Батпандап кірген аурудың мысқылдап шығатынын ескерсек, оның бұл ниеті қаншалықты нәтиже беретінін алдағы уақытта көре жатармыз. Ең бастысы, сең қозғалып келеді.

 

«Исламофобияның барын жоққа шығара алмаймыз. Мұндай жат құбылыс мұсылмандар алдындағы орынсыз үрейдің нәтижесі»,- деді Сан-Хосе пресвитериан шіркеуінің пасторы Бен Дэниэл San Jose Mercury News ақпарат көзіне берген сұхбатында.

 

«Солтүстік Америкада исламофобия 18-ші ғасырда қылаң берді. Үрейдің жақсылыққа бастағанын көрген емеспін. Ол қауіпсіздігімізге кепілдік бола алмайды»,- деді ол ойын ары сабақтап. «Біз үмітсіздікке салынбай, ақылға келуіміз керек. Бір-бірімізді танып-білуіміз қажет. Осыны істегенде ғана бәрі ойдағыдай болады».

 

Талай жыл ізденіп, зерттеу жүргізген әрі көп саяхаттаған пастор «Ислам жайлы шындықты іздеу: христиан пасторы фактіні ойдан шығарылған ұғымнан ажыратады», - деп аталатын кітабын жарыққа шығарды.

 

Тек мұнымен шектеліп қалуды қаламаған ол шіркеу қабырғасында өз жамағатына ислам жайлы семинар өткізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: